Todayinfo.kz
SocietyView all articles

СҚО-дағы сорақылық: мектепте сірке суын ішкен 16 жастағы қыз өлім аузында жатыр

СҚО-да оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, өзін өлтірмек болды. Оқушы сабақ уақытында шұғыл жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады Todayinfo.kz порталы. Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков ауылында 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп алған. Қыз сабақ кезінде мұ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
СҚО-дағы сорақылық: мектепте сірке суын ішкен 16 жастағы қыз өлім аузында жатыр
СҚО-да оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, өзін өлтірмек болды. Оқушы сабақ уақытында шұғыл жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады Todayinfo.kz порталы. Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков ауылында 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп алған. Қыз сабақ кезінде мұғалімнен сұранып, дәретханаға баратынын айтқан. Анықталғандай, ол дәретханаға 70 пайыздық сірке суын ала барып, соны ішіп қойған. Оқушы өлім аузында, есінен танып қалған.
«Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 16 жастағы оқушы қыздың уланғаны туралы ақпарат 4 ақпанда түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген СҚО ПД таратқан хабарламада.
Жерде жатқан қызды мектеп қызметкерлері көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған. Аудандық аурухана облысқа хабарласып, санитарлы авиация қызды Петропавлға жеткізді. Дәрігерлердің ақпаратынша, жасөспірімнің жағдайы ауыр. Мектепте тергеу жүріп жатыр  

Related

СҚО-дағы сорақылық: мектепте сірке суын ішкен 16 жастағы қыз өлім аузында жатыр · Todayinfo