Todayinfo.kz
NewsView all articles

Студенттер халықаралық логистика тәжірибесімен танысты

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -да «Huapengfei Logistics Co., Ltd » компаниясы қонақ дәріс өткізді. Бұл халықаралық логистика саласындағы тәжірибені академиялық білімде қолданудың алғашқы қадамы. Халықаралық компания академиялық ортамен тығыз байланыс орнатып, болашақ мамандардың кәсіб

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Студенттер халықаралық логистика тәжірибесімен танысты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Huapengfei Logistics Co., Ltd» компаниясы қонақ дәріс өткізді. Бұл халықаралық логистика саласындағы тәжірибені академиялық білімде қолданудың алғашқы қадамы. Халықаралық компания академиялық ортамен тығыз байланыс орнатып, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүдделі. Осыған орай,  жоғары оқу орынында компанияның білікті мамандары дәріс оқып, тәржірибесімен бөлісті.
«Дәрісте компания қызметінің негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, Қытай ішіндегі және халықаралық логистикалық операциялар, трансшекаралық тасымалдау, цифрлық логистикалық платформаларды қолдану, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қозғалды», - деді ұйымдастырушы экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушысы Мадина Бейсенова.
Қонақ дәрісте тыңдаушылар компанияның халықаралық логистика және жабдықтау тізбегін басқару саласындағы көпжылдық тәжірибесімен танысты.  Студенттер заманауи логистикадағы ақпараттық технологиялардың маңызы, үлкен деректерге (Big Data) негізделген басқару шешімдері, жабдықтау тізбегін оңтайландыру және жасыл логистика қағидаттары туралы теориялық әрі практикалық мағұламаттарды алды. Сонымен қатар, компанияның Қытай мен халықаралық нарықтарда жүзеге асырған жобаларының маңызы жайлы, логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Білім алушылардың логистика саласына деген қызығушылығын арттырған іс-шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.  «Бұл кездесу білім беру үдерісін нақты тәжірибемен толықтырып, студенттердің болашақта еңбек нарығына бейімделуіне зор ықпал етеді», дейді студенттер. «Huapengfei Logistics Co., Ltd» компаниясы университеттермен серіктестікті стратегиялық маңызды бағыт ретінде қарастырып, логистика, жабдықтау тізбегі және цифрлық трансформация салаларында білікті кадрлар даярлауға бағытталған академиялық бастамаларды қолдай бермек.  

Related

Студенттер халықаралық логистика тәжірибесімен танысты · Todayinfo