Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Сүйіктіммен бәстескенмін»: 27 жылдық сахналық тәжірибесі бар әнші шынайы сырын ақтарды

Эстрада жұлдызы, 27 жылдық сахналық тәжірибесі бар әнші Дастан Оразбеков Қызық Times бағдарламасына берген сұхбатында өзінің спортқа деген қызығушылығы мен отбасылық өміріндегі мотивация көзі туралы шын жүректен әңгімеледі, деп хабарлайды   Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ор

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Сүйіктіммен бәстескенмін»: 27 жылдық сахналық тәжірибесі бар әнші шынайы сырын ақтарды
Эстрада жұлдызы, 27 жылдық сахналық тәжірибесі бар әнші Дастан Оразбеков Қызық Times бағдарламасына берген сұхбатында өзінің спортқа деген қызығушылығы мен отбасылық өміріндегі мотивация көзі туралы шын жүректен әңгімеледі, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оразбеков қазіргі таңда триатлон спорт түрімен айналысатынын айтты. Оның айтуынша, салауатты өмір салты – өз денесін жақсы формада ұстаудың басты құпиясы.
«Қазы жесең, ет жесең, дене шынықтырумен айналысу керек. Қазір мен триатлонмен шұғылданамын. Күнара 2 шақырым жүземін, 40 шақырым велосипед тебемін, әрі 10 шақырым жүгіріп тұрамын», – дейді әнші.
Дастан Оразбеков өз-өзіне деген сенімділікті арттыру үшін жарымен бәстескенін де жасырмады. Ол бұл әрекетті өзіне стимул ретінде қолданған.
«Сүйіктіммен бәстескенмін. "Белгілі бір уақытта белгілі бір салмақ тастамасам, саған осынша қаражат беремін" дедім. Бірақ ол сома айтарлықтай болуы керек, өйткені ішің ашуы тиіс», – деп ағынан жарылды әнші.
Әнші өз сүйіктісін муза ретінде сипаттап, биыл оған деген махаббатының артқанын айтты. Ол спортпен қатар ішкі рухтың – махаббаттың да маңызды екенін атап өтті. «Осы жылы сүйіктіме махаббатым ашылып жүр. Екеуіміз екі бейнебаян түсіріп тастадық», – деді ол. Әнші бейнебаяндарында жұбайының жиі түсетініне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, отбасындағы сезімді басқа адам арқылы көрсету – өзіне жат.
«Ертең бейнебаян түсіргенде жарымнан алған музамды бөтен келіншекке білдіріп жатқаным дұрыс емес шығар деп ойладым», – деп ойын түйіндеді Дастан.
     

Related

«Сүйіктіммен бәстескенмін»: 27 жылдық сахналық тәжірибесі бар әнші шынайы сырын ақтарды · Todayinfo