Посмотреть эту публикацию в Instagram
SWAT Challenge 2025: қазақ жауынгерлері елге жеңіспен оралды (ВИДЕО)
Фото: Хабар арнасы Қазақ жауынгерлері үздіктер қатарында. Дубай төрінде өткен SWAT Challenge әлемдік жарысында Қазақстанның 5 бірдей командасы алғашқы ондықтан көрінді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы 24kz-ке сілтеме жасап. Ал Ішкі істер министрлігінің «Сұ

Фото: Хабар арнасы
Қазақ жауынгерлері үздіктер қатарында. Дубай төрінде өткен SWAT Challenge әлемдік жарысында Қазақстанның 5 бірдей командасы алғашқы ондықтан көрінді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы 24kz-ке сілтеме жасап.
Ал Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» жасағы сайыстың күміс жүлдегері атанды. Дәл қазір елге олжалы қайтқан сарбаздарды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып жатыр.
Биылғы сайыстың тарихи ерекшелігі – Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының атынан алғаш рет «Томирис» әйелдер командасының қатысуы. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, спорт шебері және күштік спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар. «Томирис» командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті.
Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·