Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Суға тұншықтырып, мазақ қылды»: Балқашқа демалуға барған бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады (ВИДЕО)

Желіде Балқаштағы демалыс орнында түсірілген видео тарады. Кадрларда бойжеткен қайық тізгіндеген жігіттердің оқыс қимылының салдарынан қыздардың суға түсіп, батып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды todayinfo.kz Бойжеткеннің сөзінше, су көлігіне мінер кезде қыздардың бірі жүзе

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Суға тұншықтырып, мазақ қылды»: Балқашқа демалуға барған бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады (ВИДЕО)
Желіде Балқаштағы демалыс орнында түсірілген видео тарады. Кадрларда бойжеткен қайық тізгіндеген жігіттердің оқыс қимылының салдарынан қыздардың суға түсіп, батып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды todayinfo.kz Бойжеткеннің сөзінше, су көлігіне мінер кезде қыздардың бірі жүзе алмайтынын ескертіп, артық қимыл жасамауды сұраған. Дегенмен жігіттер оны ескермей, кенет бұрылыс жасаған. Салдарынан қыздар суға құлаған. Бірі құтқару жилетін дұрыс кимесе, екіншісінің шомылу киімі тросқа оралып, тұншыға бастаған. Ал қызметкерлер көмектесуге асықпай, керісінше күліп қарап тұрған. Сол сәтте қыздардың бірі есінен танған. Басқалары оны жағаға шығарып, дәрігерлерге тапсырған. Жедел жәрдем үш адамды "аспирациялық пневмония" диагнозымен ауруханаға жеткізген. Ал қайық жүргізушілері жағаға шыққанда көмектесудің орнына күліп қарап тұрған. Зардап шеккендер бұл оқиғаны қылмыстық немқұрайлылық деп санап, кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.
«Біз қауіпсіз аттракционды таңдадық, сақ болуды ескерттік, қызмет көрсетушілерге сендік. Соңында өмірімізден айрылуымыз мүмкін еді. Бүгін біз бір-бірімізді құтқардық, ал ертең бұл жерде басқа адамдар немесе балалар болуы мүмкін. Біз үнсіз қалсақ, мұндай жағдайлар қайталана береді», — дейді жәбірленушілер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Aruzhan Magzum (@_magza)

Related

«Суға тұншықтырып, мазақ қылды»: Балқашқа демалуға барған бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады (ВИДЕО) · Todayinfo