Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сыйға алған көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы бір темір тұлпар табысталды

Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де тағы бір көлікке ие болып отыр, деп хабарлайды Todayinfo. 2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін 3 көлік тарту етілген болатын. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr ме

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Сыйға алған көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы бір темір тұлпар табысталды
Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де тағы бір көлікке ие болып отыр, деп хабарлайды Todayinfo. 2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін 3 көлік тарту етілген болатын. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға қойды. Себебі ол ақшаға мұқтаж екен. Дегенмен жуырда ғана Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көліктің кілтін ұстатты. Спортшының енді ол көлікті қалай пайдаланатыны белгісіз.  

Related

Сыйға алған көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы бір темір тұлпар табысталды · Todayinfo