Сыр өңіріне қытайлық технологиялар келеді: Екі ел арасында маңызды келісім жасалды
Қызылорда облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барып, агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту бойынша үшжақты меморандумға қол қойды.

Қызылорда облысы Қытаймен агроөнеркәсіп саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтермек. Бұл мақсатта облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, бірнеше маңызды келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Делегация құрамындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері Қытайдың Бэйянь округіндегі жетекші компаниялармен кездесті. Атап айтқанда, ғылым докторы Лу Нанмен сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін талқылап, «Jiarun Agriculture», «Gao’s Hetian Rice Industry», «Baqi» сияқты күріш және жүгері өндіретін ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Сапардың маңызды бөлігі Хайнань провинциясының Инвестициялар паркінде өтті. Кездесу нәтижесінде Қызылорда облысының әкімдігі, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі және Хейлунцзян Хэхуэйдэ сауда компаниясы арасында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.
Құжат аясында агротехнологияларды дамыту, ресурстарды біріктіру және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері қамтылған.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Дунфан қаласында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясына қатысты. Бұл жиын екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды.
Жасалған келісімдер Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Сыр өңірінің ауыл шаруашылығына заманауи технологиялар мен инвестиция тартуға жол ашады
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·