Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сыртқы істер министрлігі Вьетнамда із-түзсіз жоғалған қазақ қызын іздеп жатыр

Вьетнамда Әсем есімді қазақстандық жоғалып кетті. 6 наурыздан бастап Хошимин қаласындағы сіңлісінен хабар ала алмаған әпкесі халықтан көмек сұрап, видео жариялады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, 26 жастағы Әсем Қаза

By Айғаным Нариманова··1 min read
Сыртқы істер министрлігі Вьетнамда із-түзсіз жоғалған қазақ қызын іздеп жатыр
Вьетнамда Әсем есімді қазақстандық жоғалып кетті. 6 наурыздан бастап Хошимин қаласындағы сіңлісінен хабар ала алмаған әпкесі халықтан көмек сұрап, видео жариялады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан елшісімен кездесу үшін Ханой қаласына ұшпақ болған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда қыз байланысқа шығуын тоқтатқан. Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорқып жүргенін, біреулердің өзін аңдып жүргенін айтқан. Бұл хабарламаға еліміздің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.
“Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматшаның туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасап жатыр. Қазір оның жүрген жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында”, – делінген ведомство хабарламасында.

Related

Сыртқы істер министрлігі Вьетнамда із-түзсіз жоғалған қазақ қызын іздеп жатыр · Todayinfo