Талдықорғанда бұрынғы бастығынан пәтер бопсалаған адам нотариуста ұсталды
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Todayinfo. Іс материалдарына сәйкес, биыл мамыр айының соңында ер адам бұрын жұмыс істеген ЖШС ба

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.
Іс материалдарына сәйкес, биыл мамыр айының соңында ер адам бұрын жұмыс істеген ЖШС басшысымен кездесіп, серіктестік тарапынан жасалған бұзушылықтар туралы ақпарат бар екенін айтқан. Осы ақпаратты жария етпеу үшін ол заңсыз түрде С.-дан құны 16 млн теңгеден асатын пәтерді өз меншігіне беруді талап еткен.
Осыған байланысты жәбірленуші полицияға жүгінген. 2024 жылғы 5 маусымда тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ер адам жеке нотариус кеңсесінде ұсталды.
Алқабилердің кесімімен И. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескеріп және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Related

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

News
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·