Todayinfo.kz
NewsView all articles

Талғарда математика мұғалімдері Нұрбатыр Орынбай атындағы олимпиадада бақ сынады

*]:pointer-events-auto scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]" dir="auto" tabindex="-1"> Талғар қаласында математика пәні мұғалімдері арасында Нұрбатыр Орынбай атындағы дәстүрлі облыстық олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңі өтті. Білім сайысы Ахмет Байт

By Айғаным Нариманова··1 min read
Талғарда математика мұғалімдері Нұрбатыр Орынбай атындағы олимпиадада бақ сынады

Талғар қаласында математика пәні мұғалімдері арасында Нұрбатыр Орынбай атындағы дәстүрлі облыстық олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңі өтті. Білім сайысы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Аталған олимпиада жыл сайын белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Райымбек ауданының құрметті азаматы, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Нұрбатыр Орынбайдың есімін ұлықтау мақсатында өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық әдістемелерді анықтап, үздік педагогикалық тәжірибені кеңінен насихаттау. Сонымен қатар олимпиада ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң саналады.

Олимпиаданың ашылуында Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова бұл сайыстың ұстаздар қауымы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, математика – барлық ғылымның негізі, ал оны жас ұрпақтың санасына сіңіріп жүрген мұғалімдердің еңбегі ерекше.

Білім додасының қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары алдағы Нұрбатыр Орынбай атындағы облыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алады.

Related

Талғарда математика мұғалімдері Нұрбатыр Орынбай атындағы олимпиадада бақ сынады · Todayinfo