Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тамиланың тартысы: Түрмедегі Мәсімовтің қызы сотта экс-күйеуінен мүлік дауында жеңіліп қалды

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамила Кәрімнің сот арқылы бұрынғы күйеуінен дүние-мүлікті дауламақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды деп жазады Ertenmedia-ға сілтеме жасаған Todayinfo агенттігі. Соңғы екі жыл ішінде Тамила Кәрим мен Азамат Кәпенов "бірлесіп тапқан" дүние

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Тамиланың тартысы: Түрмедегі Мәсімовтің қызы сотта экс-күйеуінен мүлік дауында жеңіліп қалды

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамила Кәрімнің сот арқылы бұрынғы күйеуінен дүние-мүлікті дауламақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды деп жазады Ertenmedia-ға сілтеме жасаған Todayinfo агенттігі.

Соңғы екі жыл ішінде Тамила Кәрим мен Азамат Кәпенов "бірлесіп тапқан" дүние-байлықты бөлісе алмай салғыласып келеді. Сот барысында екі тарап та біраз жерге барысқан. 9 маусымда Мәскеу қалалық соты Тамиланың шағымын орындаудан бас тартыпты.

Әзірге бұрынғы жұбайлардың нақты қандай мүлік үшін айтысып-тартысып жатқаны ресми айтылған жоқ. Инсайдерлер мәліметі бойынша тараптар жылжымайтын мүлік үшін жаға жыртысып жатыр.

Азамат Кәпеновке тиесілі аса ірі нысанның бірі Мәскеудің элиталы ауданында орналасқан екі қабатты коттедж. Коттедж 2020 жылы 1 млрд рубльге саудаға шығарылған. Жарнамасына қарағанда, үйдің бірнеше жатын бөлмесі, төрт бірдей көлікке арналған тұрағы, моншасы мен өзге де комфорты бар. Аумағы? Аумағы 2900 шаршы метр.

Кәпеновтің Мәскеу түбіндегі Рублевкада тағы бір зәулім үйі бар екенін анықталған. Аумағы 931 шаршы метр болатын зәулім үйді шамамен 1,2 миллиард теңгеге сатып алған.

Мұнымен шектелмей, қаланың тағы бір тартымды жерінен 234 шаршы метр пәтерді және алған. Ала сала, анасы Айгүл Мұсаеваның атына аударып қойған.

Тамила мен Азамат 2015 жылы шаңырақ көтерген. Қаңтар оқиғасынан кейін Кәпенов Кәрімнің қызынан іргесін аулақ алып, ажырасып кеткен.

Кейбіреу мұны бақай есеппен жасады дейді, осы арқылы ерлі-зайыпты Жаңа Қазақстаннан қудалауынан құтылғысы келген.

Related

Тамиланың тартысы: Түрмедегі Мәсімовтің қызы сотта экс-күйеуінен мүлік дауында жеңіліп қалды · Todayinfo