Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.  Түркі-соғды ерте ортағасырлық

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды
«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.  Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласын зерттеумен айналысатын мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады. Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Дереккөз: Халық үні

Related

«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды · Todayinfo