Todayinfo.kz
NewsView all articles

Таразда кірістер басқармасы артық төленген салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан

Таразда кірістер басқармасы 1,9 млрд теңге артық төленген салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды Todayinfo. Прокуратураның мәліметінше, облыстағы ірі инвестор «Казфосфат» ЖШС-ға табиғатқа эмиссия салығын артық төлеген. - Қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды көму

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Таразда кірістер басқармасы артық төленген салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан
Таразда кірістер басқармасы 1,9 млрд теңге артық төленген салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды Todayinfo. Прокуратураның мәліметінше, облыстағы ірі инвестор «Казфосфат» ЖШС-ға табиғатқа эмиссия салығын артық төлеген.
- Қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды көму үшін жергілікті атқарушы органдар тарифтік мөлшерлемені бекітеді. Алайда Тараз қаласында мөлшерлеме бекітілмей, серіктестіктен 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 9 ақпаны аралығында төлемдер тұрақты түрде алынып отырған. Кейін анықталғандай, төлемдер нормадан асып, кәсіпорын 1,9 млрд теңгені артық төлеген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы инвесторға салықтың тиісті түрі бойынша алдыңғы төлемдерге артық төленген қаржыны қайтарудан және есепке алудан негізсіз және бірнеше рет бас тартқан.
- Прокурорлық ден қою актісі бойынша инвестордың болашақ төлемдеріне артық төленген 1,9 млрд теңгесі есепке алынып, кінәлі лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
Сонымен бірге қазір облыста эмиссия үшін 3 млрд теңгеден астам қаржыны екі есе артық төлеген 45 кәсіпкер анықталды. Осы фактілердің барлығы бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.  

Related

Таразда кірістер басқармасы артық төленген салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан · Todayinfo