Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тарихи рекорд: Илон Масктың байлығы 600 миллиард долларға жетті

Илон Маск әлемдік қаржы тарихында жаңа рекорд орнатты. Ол – жеке дәулеті 600 миллиард доллардан асқан жер бетіндегі тұңғыш адам. Forbes дерегінше, бұл фантастикалық өсімге SpaceX компаниясының ғарыштық табысы тікелей әсер еткен . Бұл жаңалық миллиардердің әлемдегі ең алғашқы трил

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Тарихи рекорд: Илон Масктың байлығы 600 миллиард долларға жетті

Илон Маск әлемдік қаржы тарихында жаңа рекорд орнатты. Ол – жеке дәулеті 600 миллиард доллардан асқан жер бетіндегі тұңғыш адам. Forbes дерегінше, бұл фантастикалық өсімге SpaceX компаниясының ғарыштық табысы тікелей әсер еткен.

Бұл жаңалық миллиардердің әлемдегі ең алғашқы триллионер атану мүмкіндігін бұрынғыдан да жақындата түсті.

SpaceX феномені: Байлықтың басты драйвері

Қаржы нарығындағы соңғы деректерге сүйенсек, зымыран шығаратын SpaceX компаниясының құны шарықтап, жалпы бағалауы 800 миллиард долларға жеткен. Бұл – Масктың активтеріне бір сәтте қосымша 168 миллиард доллар қосты деген сөз.

Forbes мәліметінше, қазіргі таңда Масктың SpaceX-тегі үлесі шамамен 42 пайызды құрайды. Осылайша, оның жалпы байлығы 677 миллиард доллар маңайында бағаланып отыр.

Бұл өсімнің басты себебі – компанияның алдағы жоспарлары. Инвесторлардың айтуынша, SpaceX 2026 жылы IPO-ға (акцияларды биржаға шығару) шығуды жоспарлап отыр. Егер бұл жүзеге асса, компанияның нарықтық құны 1,5 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Болжам: Алғашқы триллионер қашан шығады?

Қазіргі уақытта Илон Масктың ең құнды активі – Tesla емес, дәл осы SpaceX болып тұр (бағасы $336 млрд). Ал электромобиль өндіретін Tesla-дағы 12 пайыздық үлесі шамамен 197 миллиард долларға бағаланады.

Дегенмен, Tesla-ның да әлеуеті зор. Былтыр қараша айында акционерлер Маскқа арналған рекордтық сыйақы пакетін мақұлдады. Егер алдағы 10 жылда Tesla нарықтық капитализациясын сегіз есеге арттырса, Маск қосымша 1 триллион доллар табыс табуы ғажап емес.

Сонымен қатар, миллиардердің қоржынында жасанды интеллект саласындағы xAI Holdings компаниясы бар. Оның қазіргі бағалауы бойынша құны 230 миллиард долларға жеткен.

Десе де, Маск тек байлығымен ғана емес, даулы мәлімдемелерімен де назарда. Жақында ғана оған тиесілі X (Twitter) платформасына Еурокомиссия қомақты айыппұл салған соң, ол Еуропалық Одақты тарату керек деген пікір білдірген болатын.

Related

Тарихи рекорд: Илон Масктың байлығы 600 миллиард долларға жетті · Todayinfo