Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тарихи жеңіс: Тоқаев Олимпиада чемпионына ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадада тарихи алтын алған Михаил Шайдоровты құттықтап, оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Тарихи жеңіс: Тоқаев Олимпиада чемпионына ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаудан Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Президент бұл жеңістің отандық спорт тарихындағы маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені бұл – еліміздің мәнерлеп сырғанаудан иеленген тұңғыш Олимпиада алтыны.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерін ерекше бағалап, оның жетістігін барша қазақстандықтар мақтан тұтатынын жеткізді.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ спортшының жаттықтырушыларына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, Олимпиада чемпионына толайым табыс тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Тарихи жеңіс: Тоқаев Олимпиада чемпионына ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады · Todayinfo