Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тас жолдағы трагедия: Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жетісу облысында жол көлік оқиғасынан бірден   бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz   порталы. Жол сақшыларының сараптауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ақс

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Тас жолдағы трагедия: Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жетісу облысында жол көлік оқиғасынан бірден  бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz  порталы.

Жол сақшыларының сараптауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ақсу ауданында болған. Кешқұрым уақытта "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-ші шақырымында екі жеңіл автокөлік бір бірімен бетпе бет соқтығысқан. Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы машиналардың жолаушылары жан тәсілім еткен. Апат туралы хабарланғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

«Апат салдарынан бес адам қаза тапты. Түрлі дәрежедегі дене жарақаты бар екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде трагедияның себептері мен мән-жайлары белгіленеді, сондай-ақ болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары тексеріледі. Қара жолда қарсы бетке шығып, қауымды қара жамылдырған ақылсыз жүргізушілерге қатысты да тергеу басталды. Оқиға полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Фото: скрин/taldykorganec.insta
 
View this post on Instagram
 

Related

Тас жолдағы трагедия: Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО) · Todayinfo