Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастады

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына тасқын су кіре бастады. Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауылға тасқын судың кіру қаупі туындады. «Жем өзенінің арнасынан асып тасыды. Осыған байланысты аудандық жедел штаб Құлсары

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастады
Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына тасқын су кіре бастады. Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауылға тасқын судың кіру қаупі туындады.
«Жем өзенінің арнасынан асып тасыды. Осыған байланысты аудандық жедел штаб Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі», - деп хабарлады аудандық әкімдік.

Тұрғындарды орналастыру үшін Құлсары қаласындағы бірнеше мектепте қабылдау пункті ашылды. Эвакуацияланған тұрғындар №1, 5, 6, 8, 9, 16 және 18-орта мектепке орналастырылады. Тасқын су Құлсары қаласындағы орталық стадион аумағына кірді.

«Қауіпсіз аймаққа көшіру жақын жол жиегінде қойылған «БатысТехИнвест» ЖШС-нің автобустары арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардан өзімен бірге жеке құжатын, шағын төсек және басқа қажетті заттарын ала баруы сұралады», - деп мәлім етті аудандық әкімдіктен.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=gIyMuwGJGbc[/embed]  

Related

Тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастады · Todayinfo