ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды
Алматыда ТЭЦ-2-де апаттық ажырату салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Todayinfo . 2025 жылғы 13 қарашада ТЭЦ-2-де 110 кВ кернеуіндегі №124А және №101А электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы тіркелді. Оқиға салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұл

Алматыда ТЭЦ-2-де апаттық ажырату салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Todayinfo.
2025 жылғы 13 қарашада ТЭЦ-2-де 110 кВ кернеуіндегі №124А және №101А электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы тіркелді. Оқиға салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлак» және ПС-123А «АТЭЦ-2» қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылған.
Нәтижесінде Алматы қаласының Алатау ауданындағы бірқатар тұрғын аймақтар жарықсыз қалды. Атап айтқанда, «Ақбұлақ», «Алғабас», «Ақкент», «Саялы», «Теректі», «Ғажайып», «Көксай», «Нұркент», «Дарабоз», «Зерделі» шағынаудандары мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Монке би көшелерінің арасындағы аумақ электрмен жабдықтаусыз қалған.
Қазір оқиға орнына апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберіліп, ақаудың себебі анықталуда. Электрмен жабдықтауды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·