«Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында айыппұлдар өскенге дейінгі кезеңде операторлар ұйғарымдардың тек 33%-ын орындады. Айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады»,-делінген хабарламада.фото: ғаламтордан Todayinfo.kz
Ұялы байланыс операторларына 3 млрд 288 млн теңге айыппұл салынды
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Министрлік 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салд

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Министрлік 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, оның ішінде операторлар бойынша:
Tele2 - 751,4 млн теңге;
Kcell - 563,2 млн теңге;
Beeline - 329,4 млн теңге төледі.
Сондай-ақ Министрліктің 2020-2022 жылдар аралығында сапасыз байланыс үшін тексеру жүргізу және айыппұл салу статистикасымен танысуды ұсынамыз.
2020 жылы министрлік 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
2021 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір өсті: жүргізілген 562 тексеру аясында жалпы сомасы 264 млн теңгеге айыппұл салынды.
2022 жылы Министрлік жүргізген тексерістер саны екі есеге өсті - 1 175, нәтижесінде ұялы байланыс операторларына 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл салынды.
Тексерулер жүргізу және айыппұлдарды ұлғайту операторлардың көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·