Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохада өткен WTA 1000 турнирінде жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет әлемнің жетінші ракеткасы атанады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ақтық сында Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге латвиялық Елена Остапенко мен Тайбэй өкілі Се Шувей жұбына қарсы ойнады. Кездесу өте тартысты өтті. Қазақстандық-сербиялық жұп бірінші сетті 0:6 есебімен "құрғақ" ұтылып, екінші сетте 2:5 есебімен жеңіліп жатты. Алайда олар матчболдан шығып, керемет камбэк жасап, тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 0:6, 7:6, 10:8.
Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефаниден құралған мықты жұпты 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.
Бұл – Данилинаның жылдың ірі турнирлеріндегі қатарынан екінші финалы. Бұған дейін ол Australian Open турнирінің финалында бақ сынаған еді.
Фото: Әлеуметтік желіден




