«Бүгінде балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram болып барады. Ұрпақ тәрбиесімен ата-ана емес, гаджеттер айналысуда», – деді депутат.Әшімжан TikTok-қа қатысты шектеу шараларын әлем елдерінің енгізіп жатқанын еске салып, Қазақстанда да балалардың бұл платформаны пайдалануын заңмен реттеуді ұсынды. Депутат Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды: TikTok-тағы әдепке, ұлттық құндылықтарға және балалардың психологиясына зиян келтіретін барлық контентке шектеу қою. TikTok-ты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына заң жүзінде шектеу қою немесе толық тыйым салу механизмін қарастыру. Бұл мәселе бойынша Үкіметтен заңнамада көрсетілген мерзім ішінде жауап беру сұралды.
TikTok-қа шектеу қою қажет – депутат
Фото: parlam.kz Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке TikTok желісіне шектеу қою туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Депутат TikTok-тың жасөспірімдерге кері әсерін ат

Фото: parlam.kz
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке TikTok желісіне шектеу қою туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Депутат TikTok-тың жасөспірімдерге кері әсерін атап өтіп, платформаны реттеудің маңыздылығын көтерді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде ұлттық құндылықтар мен әдепке қайшы келетін, балалардың санасына зиян тигізетін контент көбейген.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·