Todayinfo.kz
NewsView all articles

"Тіркеуі де, құжаты да жоқ": Ақтөбеде 14 жастағы мопед жүргізушісі апат жасады

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы тіркелмеген мопедпен жол апатын жасады. Жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз көлік айдап, ауруханаға түсті.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
"Тіркеуі де, құжаты да жоқ": Ақтөбеде 14 жастағы мопед жүргізушісі апат жасады

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы мінген мопед жеңіл көлікпен соқтығысып, жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Мұстафа Шоқай көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, 14 жастағы жасөспірім мопедпен Honda Stream көлігіне соғылған. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Мопедтің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екені анықталды. Бұдан бөлек, 14 жастағы жүргізушінің жасына байланысты көлік жүргізу куәлігі болмаған. Қазір көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Осы орайда тәртіп сақшылары мопедтің міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі керегін еске салды. Бұл көлікті тек 16 жасқа толған және "A1" санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана басқара алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

"Тіркеуі де, құжаты да жоқ": Ақтөбеде 14 жастағы мопед жүргізушісі апат жасады · Todayinfo