Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Той иесіне сабыр берсін»: Әнші Бүркіт Шымкентте тойдағы халықтың далаға қашып шыққандарын көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот Танымал әнші Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) өртеніп жатқан тойхананың видеосын жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Видеодан тойхананың айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Адамдар сыртқа шыққан. «Шымкентке ұшып келіп, тойхана барсақ, тойханам

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Той иесіне сабыр берсін»: Әнші Бүркіт Шымкентте тойдағы халықтың далаға қашып шыққандарын көрсетті  (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Танымал әнші Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) өртеніп жатқан тойхананың видеосын жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Видеодан тойхананың айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Адамдар сыртқа шыққан.
«Шымкентке ұшып келіп, тойхана барсақ, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін. Тұрақта көлік жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада жүр», - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары той иесінің жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатыр.
«Той иесіне сабыр берсін, әр нәрсенің қайыры бар деген», «Келген бәле сонымен кетсін, тойды жақсы өткізіп алыңыздар», «Той иесіне обал болды, қаншама күн дайындалғаны құр кетті», - деп жазды олар.
Серіктес жаңалықтары

Related

«Той иесіне сабыр берсін»: Әнші Бүркіт Шымкентте тойдағы халықтың далаға қашып шыққандарын көрсетті (ВИДЕО) · Todayinfo