Астанадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Үш бәйтеректің» маңында болған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Журналист Дүйсенәлі Әлімақын ескерткішті қорлаған қыздардың әрекетін видеоға түсіріп, желіде жариялаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Видеода қыздың бірі Сәкен Сейфуллиннің ескерткішке шығып, орынсыз әрекет жасаған.
“Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып “Бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме” десем көздері адырайып, “Что,что?” деуден ары аспады. Сөзіме дәлел ретінде олардың бұл топастығын видеоға түсіріп алдым. Еш ұялукешірім сұрау жоқ. Бұл басыну ма әлде надандық па?”, - деп жазды журналист.
Желі қолданушылары бұл әрекетті мәдениетсіздік әрі тарихи тұлғаларды құрметтемеу деп пікір қалдырған.
Айта кетейік, «Үш арыс» атанып кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлин — қазақ әдебиетінің негізін қалаған көрнекті қаламгерлер әрі саяси қуғын-сүргін құрбандары.
«Топастық пен надандық»: Астанада қыздар үш арыстың ескерткішін қорлаған

Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·