Тоқаев биыл 9 өңірге барды: Президент жұмысының басты нәтижелері белгілі болды
Президент Тоқаев 2025 жылы еліміздің 9 өңірін аралап, 50-ден астам нысанды көзбен көрді.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам түрлі нысанды аралаған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында хабарлады.
Мәліметке сүйенсек, Президенттің сапарлары кезінде әлеуметтік, мәдени, өндірістік және ғылыми нысандарға ерекше көңіл бөлінген. Ал бұл сапарлар жергілікті жұртшылықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты істермен толыққан.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жыл бойы 16 облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдап, өңірлердің ахуалын тікелей бақылаған.
Баспасөз хатшысының жазуынша, 2025 жыл — ел үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар кезеңі болды. Жаңа өндіріс ошақтары іске қосылып, әлеуметтік инфрақұрылым дамыды: мектептер мен ауруханалар салынды, жолдар жөнделді.
Қазақстан жаңалықтарыөңірлік даму 2025Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы жұмысыТоқаев өңірлерге сапарПрезидент сапары
Related

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·

News
Кто хочет стать голосом народа? Партия «Әділет» раскрыла список кандидатов
Жаннұр Еділбаева·

News
Әуелі экранда, кейін алаңда: неге фиджитал дисциплиналары әлемдік спорттың жаңа форматына айналып келеді?
Жаннұр Еділбаева·