Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы бола ма? Батыс БАҚ-тарында жаңа болжам тарады

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы қызметіне келуі мүмкін екенін талқылап жатыр.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы бола ма? Батыс БАҚ-тарында жаңа болжам тарады
Шетелдік ақпараттық кеңістікте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметіне үміткер болуы мүмкін екені туралы болжамдар тарай бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Әзірге бұл ресми ақпарат емес, тек сарапшылар деңгейіндегі талқылаулар ғана. Дегенмен, мұндай әңгіменің өзі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып, рөлінің күшейіп келе жатқанын аңғартады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және ұйымның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметтерін атқарғаны белгілі. Оның дипломатия саласындағы мол тәжірибесі мұндай болжамдардың тарауына негіз болуы мүмкін. Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы бола ма? Батыс БАҚ-тарында жаңа болжам тарады · Todayinfo