Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Related

AQORDA
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Айдар Керім·

AQORDA
Интеграцияға ашықпыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Айдар Керім·

AQORDA
Ақниет және Бөрте: Тоқаев асыл тұқымды құлындарға есім берді
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·