Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоара

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды.
Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·