Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
Президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі деп атап өткен.
Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Тоқаев Португалия Президентіне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Related

Politics
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Адал азамат мектебін іске қосты
Todayinfo редакциясы·

Politics
Ұлытау облысының жаңа әкімі Президентке есеп берді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты - Тоқаев
Айдар Керім·

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·