Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделаз

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент Сауд Арабиясы еліміздің араб әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналғанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі.

Related

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады · Todayinfo