"Сіздің сапарыңызды екі мемлекет арасындағы достық пен тығыз байланыстардың айқын көрінісі ретінде қарастырамыз. Мен сіздің ғажайып еліңізге жасаған сапардан естен кетпес әсер алдым. Сапар, шын мәнінде, табысты болды. Біз көптеген мәселе бойынша, әсіресе, энергетика секілді маңызды салада ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткіздік. Екіжақты қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Өзара ынтымақтастығымыз стратегиялық сипатқа ие. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі Мұхаммед бен Салманға ізгі тілегімді жолдағым келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрін қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-сауд қатынастарының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтіп, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-мини

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-сауд қатынастарының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтіп, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен арадағы уағдаластықтар барлық секторда екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергенін еске салды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·