Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң сынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан мен Словакияны ұза

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Фото: Ақорда
Related

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·