Тоқаев Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бек

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Related

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

AQORDA
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

AQORDA
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·