Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаевтың бас күзетшісі бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды

ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі ҚР президент күзет қызметінің бастығы Роман Төреханов енді Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болды, деп хабарлайды todayinfo.kz 19 тамыз бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында федерация пр

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тоқаевтың бас күзетшісі бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды
ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі ҚР президент күзет қызметінің бастығы Роман Төреханов енді Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болды, деп хабарлайды todayinfo.kz 19 тамыз бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен құрмет президент қайта сайланды. Бұған дейін құрмет президент Кеңес Рақышев болған. Енді оның орнын Роман Төреханов басады. Айта кетейік,  Роман Төреханов 1982 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдар, Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Фото: видео скриншот

Related

Тоқаевтың бас күзетшісі бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды · Todayinfo