Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаевтың Жарлығы: Жүрсін Ерманға «Халық жазушысы» құрметті атағы берілді

Алматыда өткен салтанатты кеште ақын Жүрсін Ерманға Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Тоқаевтың Жарлығы: Жүрсін Ерманға «Халық жазушысы» құрметті атағы берілді

Алматыдағы Республика сарайында айтыскер ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтіп, оған Президент атынан ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Ұлытаудан – Алатауға» деп аталған кеш барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Президенттің Жарлығымен Жүрсін Ерманға «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілгені салтанатты түрде жарияланды.

«Халқымыз Сізді беделді қоғам қайраткері әрі талантты публицист ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Айтыс өнерін жаңғыртуға қосқан үлесіңіз айрықша. Ел бірлігі мен халықтар достығын арқау еткен шығармаларыңыз оқырманға жақын әрі түсінікті. Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін», – делінген Президент құттықтауында.

Мерекелік кешке қазақ зиялылары, ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері мен өнерсүйер қауым жиналды. Бағдарлама аясында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Сонымен қатар шәкірттері мен ізбасарлары ұстазына арнауларын оқып, құрмет көрсетті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Тоқаевтың Жарлығы: Жүрсін Ерманға «Халық жазушысы» құрметті атағы берілді · Todayinfo