Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқал алатындарға жағымсыз жаңалық

Фото: aif.ru Жақында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарының Қазақстандағы жалған некелер мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге қарсы кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпаратт

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тоқал алатындарға жағымсыз жаңалық
Фото: aif.ru Жақында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарының Қазақстандағы жалған некелер мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге қарсы кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Жалған некелерге қатысты қандай шаралар күшейтіледі? ✔ Имамдардың ресми тіркеусіз неке қиюына жауапкершілік күшейтіледі ✔ Мемлекеттік тіркеусіз діни неке заңды некеге теңелмейді ✔ ҚМДБ діни некені тіркеу талаптарын қатаң бақылайды Егер имам некені мемлекеттік тіркеусіз қиған жағдайда, ол сөгіс түрінде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазақстандағы ажырасу деңгейі төмендеді Вице-премьер Қазақстандағы ажырасу мәселесіне де тоқталды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде ажырасу саны соңғы 5 жылда 32,7%-ға азайған: 2019 жылы – 59 796 ажырасу 2023 жылы – 40 227 ажырасу БҰҰ мәліметтері бойынша (2024 жылғы қараша), Қазақстанда ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2019 жылы 3,23 болса, 2023 жылы 2-ге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ажырасу деңгейі жоғары елдер тізіміне енбейді.

Related

Тоқал алатындарға жағымсыз жаңалық · Todayinfo