Танымал әнші Жігер Ауыпбаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Екінші рет үйленіп желіні шулатқан ол, бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты.
"Бір түнде балаларым мен әйелімді үйге көшіріп алып келдім. Балаларым анасы мен әкесінің ортасында жүріп мәз. Солай іссапарға кетіп қалдым. Содан бір аптадан кейін ол кісі кетіп қалды. Мен 3,5 жыл жүріп жалғыз өмірге үйреніп қалғам. Үйге барғым келмейді. Үйде отырсам депрессияға кіріп кетемін. Солай сапарда көп жүрдім. Оның барлығы асып-тасқаннан емес, ол уайымды шығару болды. Кейін кетіп қалып, мен үйде тамақ жасап күтемін, сіз келмейсіз деді. Оның айтуы да дұрыс, мен концерттерден үлгермеймін. Үш жылдай екеуміз екі жақта тұрдық. Балаларым толыққанды отбасыда өссін, сезімді ысыра тұрайық дедік. Уақыт өте келе бәрі орнына келер, төрт бала жәутеңдеп жүрмесін дедім. Артынша "сіз мені жақсы көрмейсіз" деген әңгімелер шықты. Ал мен оған басынан ашып айтқам. Бір-бірімізді көрсек, атылғымыз кеп тұратын. Мінезі өзгеріп кетеді. Артынан сиқыр болғаны белгілі болды. Төсегімнен ине, себілген тұз секілділер таптым. Келіншегімнің қызғаншақтығы болды. Біздің отбасымыздың бақытын көре алмағандар дегеніне жетті. Кімнің сиқыр жасағанын білмедім", деді ол.




