Todayinfo.kz
NewsView all articles

Трамп Иранға ескерту жасады: «Негізгі шабуылдар толқыны әлі алда»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын «негізгі шабуылдар толқыны» алда екенін мәлімдеді. Ол қажет болса, құрлық әскерін кіргізуі мүмкін.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Трамп Иранға ескерту жасады: «Негізгі шабуылдар толқыны әлі алда»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалып жатқан соққылар әлі бастамасы ғана екенін мәлімдеп, алда үлкен шабуылдар толқыны болатынын ескертті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

CNN телеарнасына берген сұхбатында Трамп АҚШ әскерінің Иранға «қуатты соққылар» жасап жатқанын, бірақ «негізгі толқын» әлі алда екенін атап өтті.

"Иранның Бахрейн, Иордания, Кувейт, Катар және БАӘ сияқты араб елдеріне жауап ретінде соққы беруі біз үшін күтпеген жағдай болды", - деді ол.

Трамптың айтуынша, Тегеран уран байытуды тоқтатудан бас тартқандықтан, келіссөздер нәтижесіз аяқталған.

Сонымен қатар, New York Post басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті қажет болған жағдайда Иранға құрлық әскерін кіргізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол бұған дейін операция шамамен төрт аптаға созылуы мүмкін екенін болжаған еді.

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Ливитт АҚШ-тың Иранға қарсы операциясының нақты мақсаттарын жариялаған болатын. Олардың қатарында Иранның зымырандарын, оларды өндіретін кәсіпорындарды, әскери-теңіз флотын жою, аймақтағы «ираншыл топтардан» төнетін қауіпті сейілту және Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Трамп Иранға ескерту жасады: «Негізгі шабуылдар толқыны әлі алда» · Todayinfo