АҚШ президенті Дональд Трамп 17 шілдеде халыққа үндеу жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
"Президент Трамп бейсенбі күні кешкі сағат 21:00-де шығыс уақытымен халыққа үндеу жариялайды. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!" – деп жазды ол Truth Social желісінде.
Трамп үндеудің тақырыбын ашып айтпады. Алайда бұл мәлімдеме ол АҚШ-тың Иранға қарсы әскери-теңіз блокадасын қайта бастайтыны және Вашингтонның Ормуз бұғазы арқылы транзитпен өтетін кемелер үшін 20 пайыздық баж салығын енгізетіні туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.




