Трамп пен Нетаниягу Флоридада не жайлы сөйлесті: Иран, Газа және Ердоғанның рөлі
Флоридада Трамп пен Нетаниягу Иран, Газа және Түркияның ықтимал әрекеттерін талқылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаниягу Флоридада жүздесіп, Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Кездесу барысында Иран, Газа секторы мен Түркияның ықтимал әрекеттері басты назарда болды.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Иранның әскери әлеуеті қайта күшеюі мүмкін екенін айтып, егер бұл расталса, АҚШ қатаң жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Ол: "Біз оларға толық күшімізді қолдануға мәжбүр боламыз, бірақ бұған жеткізгіміз келмейді" — деді.
Иранмен келіссөз жүргізу жайында Трамп Тегеранның диалогқа мүдделі екенін естігенін тілге тиек етіп: "Иран үшін бұл әлдеқайда ақылды әрі тиімді жол болар еді" — деді.
Иранға шабуыл мүмкіндігіТрамп пен Нетаниягу кездесуіТаяу Шығыс саясатыТүркия Газа секторыАҚШ жаңалықтары
Related

News
КТК временно прекратил прием нефти из Казахстана после атак дронов на танкеры у Новороссийска
Жаннұр Еділбаева·

News
Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін түсіндірді
Айғаным Нариманова·

News
Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

News
«Жауапты біреу айтып тұрды»: Депутаттыққа үміткер Аша Матайға қатысты видео тарады (ВИДЕО)
Айғаным Нариманова·