Түлкібас ауданында ер адам балағат сөздер айтқаны үшін жазаға тартылды
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының ғимаратында жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Түлкібас аудандық сотына құқық бұзушы ретінде жеткізілген азамат сот ғимаратының кіреберісінде (фойеде) сот қ

Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының ғимаратында жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Түлкібас аудандық сотына құқық бұзушы ретінде жеткізілген азамат сот ғимаратының кіреберісінде (фойеде) сот қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспай, балағат сөздер айтып, сотта дөрекі мінез танытқан.
Сот отырысында құқық бұзушы жасаған әрекетін мойындап, кешірім сұрайтынын, енді ондай әрекеттің қайталанбайтынын айтты.
Бірақ сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·