Todayinfo.kz
Turkestan RegionView all articles

Түркістан облысында 500 млрд теңгеден аса инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Фото: Түркістан облысының әкімдігі Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің экономикалық дамуы мен биыл атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аген

By Айғаным Нариманова··2 min read
Түркістан облысында 500 млрд теңгеден аса инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің экономикалық дамуы мен биыл атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, бүгінде Түркістан облысындағы индустриалдық аймақтарда жалпы құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар аясында 6 361 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Қазіргі таңда 39 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 50 жоба пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 211,8 млрд теңгені құрайтын 28 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән берілгенін атап өтті. Осы тапсырма аясында көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды.

Аталған нысан заманауи қоймалар мен өндірістік объектілерді біріктіретін ірі логистикалық орталық ретінде жұмыс істемек. Президент бұл орталықтың еліміздің индустриялық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткен.

Қазіргі уақытта орталықта 7 инвестор өз жобаларын іске асыруға ниетті. Соның нәтижесінде өңір экономикасына шамамен 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ бюджетке қосымша 355 млн теңге салық түсімі қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда кооперация орталығында 8 өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталып, ішкі инфрақұрылым жүйелерін салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаны келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Related

Түркістан облысында 500 млрд теңгеден аса инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда · Todayinfo