"Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Олардың қатарында Түркістан және басқа да облыстардың аудан-қалаларынан келген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қалмаған жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың гектар жерден, 107 мың гектар ауадан, 1 мың гектар рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың гектар дрондар арқылы өңделіп жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты. Еске сала кетсек, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарланған.
Түркістан облысында 90%-дан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді, деп хабарлады Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі. Облыс егістік алқаптар көлемі бойынша елімізд

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді, деп хабарлады Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Облыс егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.
Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның 252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделді. Бұл – өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.
Related

Regions
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Қызылордада жаңа өндірістік кешен іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Экология и туризм: перспективы Алматинского горного кластера
Айғаным Нариманова·

Regions
Жамбыл облысында шағын және орта бизнес 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірді
Айғаным Нариманова·