Түркістан облысында алаяқ тұрғындардан алған ақшаны құмар ойынға салып жіберген
[Түркістан облысында тұрғындардан алаяқтықпен ақша алып, құмар ойынға салып жіберген күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға

[Түркістан облысында тұрғындардан алаяқтықпен ақша алып, құмар ойынға салып жіберген күдікті ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті ер адам өзінің танысын кәсіпорындардың бірінде оператор қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сеніміне кірген. Одан 1 миллионға жуық қаржысын алып, байланысқа шықпай, ізін суытқан.
Тәртіп сақшылары оның бұдан бөлек тағы 2 алаяқтыққа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Ол жәбірленушілерден алған ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.
Қазір күдіктінің қылмыстық ісі сотқа өтті.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·