Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін жә

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы – таяу шетел азаматы ұсталған. ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдары бар 2 ұялы телефонды тәркілеген. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  

Related

Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды · Todayinfo