Todayinfo.kz
Turkestan RegionView all articles

Түркістан облысында референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан облысында референдумға келушілерге арнайы кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақы нақыштағы қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі дауыс берушілер назарына ұсынылды. Жәрмеңкеде ағаш және тоқыма бұйымдары қойылған. Сонымен қ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістан облысында референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Түркістан облысында референдумға келушілерге арнайы кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақы нақыштағы қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі дауыс берушілер назарына ұсынылды. Жәрмеңкеде ағаш және тоқыма бұйымдары қойылған. Сонымен қатар, киіз үй маңында құрақ көрпелер төселіп, таңдау жасаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Ал, кітап көрмесінде тарих және рухани мұраға қатысты түрлі туындылар қойылған. Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Related

Түркістан облысында референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды · Todayinfo