Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр
Түркістан облысында 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 17 690 адамға «Гриппол+» екпесі егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының

Түркістан облысында 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 17 690 адамға «Гриппол+» екпесі егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мәлімдеді.
«Түркістан облысында 683 инфекциялық төсек-орын бар. Бүгінгі таңда ЖРВИ диагнозымен 603 науқас анықталса, 159 азаматтан пневмония анықталып отыр. Сондай-ақ, өңірде 280 пульмонологиялық төсек-орын бар. Оның ішінде ересектерге арналған пульмонологиялық төсек-орын саны - 90, ал балаларға арналғаны - 190», - деді спикер.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова өңірдің вирусты ауруларға қарсы дайындығы жайында баяндады.
«Облыс бойынша 2025 жылы жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» екпесінің 271 348 данасымен жоспарға сәйкес облыс тұрғындарының 12,8%-ы қамтылады. Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 96 096 дана екпе жеткізілген. Жеткізілуі бойынша қысқа мерзімде тиісті контингенттер мен топтарға екпелер ұйымдастырылып жүргізілетін болады», - деді Ақерке Мақұлбекқызы.
Related

Turkestan Region
Түркістан облысында биыл туристерге арналған 30-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асады
Todayinfo Admin·

Turkestan Region
Уақытша депутаттық комиссия «Сарыағаш айналма жолы» құрылысының барысымен танысты
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы су ұңғымаларына қатысты мәселелер талқыланды
Жаннұр Еділбаева·