Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Мақтарал ауданында болғандығын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары жастардың бұзақылық әрекеттерін тоқтатқан. Қазір күдіктілер ұсталып, барлық мәнжай анықталуда. Қылмыстық істе қозғалды.
Ал, желіде жарияланған видеоға пікір жазушылар жастарды кінәлап, жазалануы керектігін жеткізіп жатыр.
Олардың ішінде «Бәрін әскери қызметке құрту керек, есіргендердің», «Су тасып тұрған жаққа жіберу керек», «Бірін бірі қырып болды-ау», «Не жетпейді осыларға?», «Қарны тоқтық аздырар адам баласын» - деген жазбаларда бар.




