Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістан облысында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды

Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бас прокуратура мәліметінше, “Ы” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылғы сәуірде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енг

By Айғаным Нариманова··1 min read
Түркістан облысында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бас прокуратура мәліметінше, “Ы” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылғы сәуірде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, 2470 бас аналық ірі қара мал және 120 бас асыл тұқымды бұқа жалға алынған деп көрсеткен. Нәтижесінде кооперативтің есепшотына мемлекеттен 24 700 000 теңге субсидия аударылған. Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл бұқа мен 450 бас аналық ірі қара малға жүргізілген. Заңсыз алынған қаражат сомасы 20 200 000 теңге. Прокуратура қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша соталды тергеуді аяқтады. Төрайымы кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Заңсыз алынған қаражат толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Related

Түркістан облысында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды · Todayinfo