Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістан облысының оқушысы әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауыл округіндегі №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің ең үздік университеттерінен 36 шақырту алып, көпшіліктің назарын аудартты. Білім мен табандылықты қатар алып жүрген оқушы халықа

By Айғаным Нариманова··2 min read
Түркістан облысының оқушысы әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауыл округіндегі №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің ең үздік университеттерінен 36 шақырту алып, көпшіліктің назарын аудартты. Білім мен табандылықты қатар алып жүрген оқушы халықаралық деңгейде "Халықаралық қатынастар" мамандығын меңгеруді мақсат етеді,деп хабарлайды Todayinfo. Ақжүніс Асылханқызы қазіргі таңда АҚШ (17 университет), БАӘ (5), Түркия (6), Малайзия (5), Канада (1) елдеріндегі университеттерден толық грантпен немесе стипендиямен оқуға шақырту алды. Әсіресе, Канададағы бір университет оған президенттік стипендиямен білім алуды ұсынған. 16 жастағы ауыл оқушысы бұл жетістікке табандылықпен ізденудің арқасында жеткен. Ол шетелдегі түрлі университеттерге құжат тапсырып, олардың барлығынан оң жауап алған. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үздіктер қатарында болған Ақжүніс білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп келеді. Ол — өзінің мектебінен шетелдік университеттерден шақырту алған алғашқы оқушы. Бұл жетістік ауыл мектебіндегі өзге де оқушыларға үлгі мен мотивация беріп отыр. «Білім алып, елімді танытып, ертең елге қызмет еткім келеді», – дейді Ақжүніс. Ақжүніс тек шетелдік оқу орындардан шақырту алумен ғана шектелмей, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 111 ұпай жинап, білім деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл көрсеткіш оның мектеп бағдарламасын да терең меңгергенін айғақтайды.

Related

Түркістан облысының оқушысы әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды · Todayinfo